Қазақстандық ауыр атлет Исламиада ойындарында алтын жүлде жеңіп алды

©olympic.kz

Қазақстандық ауыр атлет Арли Чонтей Коня (Түркия) қаласында өтіп жатқан V Исламиада ойындарында алтын жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Отандасымыз 55 келі салмақта топ жарды. Ол екі жаттығудың қорытындысы бойынша 253 келіні (114+139) еңсерді. 

Айта кетейік, бұл бәсекеде Қазақстанның намысын 14 ауыр атлет қатысуда. Олардың алтауы әйелдер арасында, сегізі ерлер арасында өнер көрсетеді. 

Исламиада 18 тамызда аяқталады. Бұл сайыста 56 елдің 4200 спортшысы бақ сынауда. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар