Қазақстандық ауыр атлет Едіге Емберді жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтыннан алқа тағынды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Мексикадағы турнирде отандасымыз 73 келіде сынға түсіп, қоссайыс қорытындысы бойынша 306 (134+172) келімен алдына жан салмады.
Екінші орын өзбекстандық Диорбек Эрматовқа бұйырса, үздік үштікті Канададан келген Брайан Ибаньес Герреро түйіндеді.
Еске салайық, осыған дейін Ерасыл Сәулебеков (67 келі) әлем чемпионы атанса, Ерасыл Омаров (55 келі) пен Александра Беленко (40 келі) турнирдің қола жүлдесімен марапатталды. Жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі маусым айының 18 дейін жалғасады.