Ауыр атлетика
7 қазан 17:14
 

Қазақстандық атлет әлем чемпионатында жүлдеге жете алмады

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық атлет әлем чемпионатында жүлдеге жете алмады ©instagram.com/iwfnet/

Қазіргі таңда Норвегияның Ферде қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтіп жатыр.

blog.share

Қазіргі таңда Норвегияның Ферде қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Кезекті жарыс күнінде 79 келіге дейінгі салмақта жүлделер сарапқа салынды. Бұл санатта Едіге Емберді (А тобы) мен Петр Хребтов (В тобы) ел намысын қорғады.

Хребтов қоссайыс қорытындысы бойынша 330 (147+183) келіні көтеріп, өз тобында алтыншы орынға тұрақтады.

Ембердінің нәтижесі - 351 (155+196) келі. Ол жалпы есепте алтыншы орынға ие болды.

Ал индонезиялық Ризки Джуниянсан 361 (157+204) келі нәтижемен алтын жеңіп алды. Күміс жүлде Солтүстік Корея спортшысы Ри Чон Сонға бұйырды - 360 (163+197) келі. Мысырлық Мохаммед Эльсайед үздік үштікті түйіндеді - 360 (162+198) келі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!