Қазақстан командасы ауыр атлетикадан Азия чемпионатында бірінші орында

Сурет: WFRK©

Ташкентте ауыр атлетикадан Азия чемпионаты аяқталды. Бұл турнирде Қазақстан құрамасының ерлер командасы бірінші орын иеленді. Ал әйелдер құрамасы төртінші болды. Бас бапкер Бақыт Ахметов турнир нәтижесін қорытындылады. 

- Чемпионатқа қойылған міндетті жігіттер орындады! Ерлер құрамасы көшбасшы, әйеледер командасы төртінші - бұл тамаша көрсеткіш. Бір жыл үзілістен кейін команда шынайы жарысты сағынып қалыпты, әр спортшы барын салды. Тәжірибелі жігіттер өз деңгейін көрсетті, біреуі жақсы, біреуі ондай мықты емес. Қалай болғанымен қателерімізді ескеріп алдық. Жастар қуантты, бұл олардың бірінші халықаралық жарысы, ал олар еш қымтырылмады", - деп береді маманның сөзін ААФ баспасөз қызметі. 

- Олимпиадаға лицензия мәселесі қалай?

- Бүгінде қатысушы елдер үшін іріктеу циклі әлі аяқталған жоқ. Алда Африка чемпионаты, жастар арасындағы әлем чемпионаты, осыдан кейін қорытынды ұпайлар қосылады. 

Қазақстандық спортшылар жалпы жеті жүлде иеленгенін айта кетейік:

алтын - Арли Чонтей (55 келі);

күміс - Абылай Әуелханов (55 келі);

күміс - Карина Құзғанбаева (81 келі);

күміс - Нұрғиса Әділетұлы (89 келі);

қола - Екатерина Быкова (71 келі);

қола - Айзада Мүпділдә (+87 келі);

қола - Артем Антропов (102 келі).

Метки:
Жаңалықтар