Бүгін тағы екі қазқастандық 96 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді - Артем Антропов пен Рахат Бекболат.
Жастар арасындағы Азия чемпионаты 20-шы ақпанда аяқталады. Бұл жарысқа әлемнің 20 елінен 14 қыздар және 18 ерлер командасы қатысып жатыр.
Қазір Қазақстан қоржынында жеті жүлде. Мұның алдында Сайхан Тайсуев (67 келіге дейін), Гүлнұр Ыбрай (64), Карина Кузганбаева (81) және Айсамал Сансызбаева (81 келіден аса) алтын, Абылай Әуелханов (55) күміс, ал Сайрамкез Ақмолда (61) қола жеңіп алған.