Тяжелая атлетика
6 маусым 2019 16:35
 
Қазақстан Фиджидегі ауыр атлетикадан жастар арасындағы ӘЧ-де алтын жеңіп алды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан Фиджидегі ауыр атлетикадан жастар арасындағы ӘЧ-де алтын жеңіп алды © ҚР Ауыр атлетика федерациясы

Қазақстан құрамасы Фиджидің астанаса Сува қаласында ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем біріншілігінде алтын иеленді, - деп хабарлайды Vesti.kz қазақстандық федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан қоржынына алтын жүлдені 81 келіге дейінгі салмақта Карина Кузганбаева салды. Ол 224 келі (98+126) нәтижесімен бірінші болды. Сонымен қатар, қазақстандық серпе және жұлқа көтеруде де "кіші" алтын иеленді.

Бұл салмақта күміс кореялық Хен Чжу Чжанда -  221 келі (97+124). Үшінші ресейлік Екатерина Визгина - 206 келі (93+113).

Осылайша, Қазақстан қоржынында жастар арасындағы әлем чемпионатының екі жүлдесі бар. Мұның алдында 96 келіге дейінгі салмақта Артем Антропов қола жүлде жеңіп алған.

Ертең 87 келіге дейінгі салмақта Дарья Ахмерова жарыс алаңына шығады.

Жарнама

Живи спортом!