Қазақстан Фиджидегі ауыр атлетикадан жастар арасындағы ӘЧ-де алғашқы жүлде иеленді

© ҚР Ауыр атлетика федерациясы
Қазақстан құрамасы Фиджидің астанаса Сува қаласында ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем біріншілігінде бірінші жүлде иеленді, - деп хабарлайды Vesti.kz қазақстандық федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Артем Антропов 96 келіге дейінгі салмақта Қазақстан қоржынына күміс жүлде салды. Қос сайыс қорытындысы бойынша ол 352 келі (155+197) көтерді. Сонымен қатар, қазақстандық серпе көтеруде "кіші" күміс иеленді.

Бірінші орында мысырлық Ашур Али Ахмед - 365 (165+200) келі. Қола ресейлік Артур Бабаянда - 346 (160+186).

6 маусымда қазақстандық Карина Кузганбаева (81 келі), ал 7 маусымда - Ахмерова Дарья (87) жарыс алаңына шығады.

Еске салайық, ауыр атлетикадан әлем біріншілігі 1-8 маусым аралығы өтеді. Әлем Чемпионатына 51 елдің өкілдері қатысады делінген. Жарысқа қатысушылар 15 пен 20 жас аралығындағы (1999-2004) жас атлеттер.
Метки:
Жаңалықтар