Қазақстан ауыратлетика құрамасы әлем чемпионатына дайындықты бастады

©ҚАФ

Ауыратлетикадан Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиындырына кірісті, деп хабарлайды Қазақстан ауыратлетика федерациясының баспасөз қызметі. 

Әлем чемпионатына дайындық түркияның Кемер қаласында 29 қыркүйекке дейін жалғасады. Бұл дайындыққа мына спортшылар қатысуда:

Гүлнұр Ыбрай (64 кг)

Карина Кузганбаева (87 кг)

Айзада Мүптілдә (+87)

Антропов Артем (96 кг)

Нұрғиса Әділетұлы (96 кг)

"Араға екі жыл салып шет елге оқу-жаттығу жиындарына шыққанымызға қуаныштымыз. Локация мен ауа-райын ауыстыру жақсы дайындық үшін өте маңызды. Теңіз жағасында жаттығамыз. Бұл жиыннан кейін азадаған үзіліс жасап, тағы бір жиналып жаттығу жиындарын өткіземіз. Содан соң қараша айында Қазақстан чемпионаты болады. Сол жерде спортшылардың шама-шарқын анықтап, желтоқсан айында әлем чемпионатына барамыз", - деді бұл жиын туралы құраманың бас бапкері Бақыт Ахметов. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар