Қазақстан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында тағы бір күміс иеленді

©Тұрлыжан Әйтенов

Қазақстан Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды, деп жазады Vesti.kz.

81 келіде өнер көрсететін Александр Уваров жалпы алғанда 343 келі (153 жұлқу + 190 серпе көтеру) көтерді.

Бұл салмақта Солтүстік Корея спортшысы Ри Чонг Сонг чемпион болды - 369 (169+200), ал қола жүлде түркменстандық Гайгысыз Тораевта - 337 (148+189).

Бұған дейін өзге қазақстандық Сайрамкез Ақмолда 67 келіде күміс жеңіп алған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар