Қазақстандық атлет Денис Полубояринов Мексикада өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
81 келіде өнер көрсететін қазақстандық атлет 323 (143+180) келіні бағындырды. Бұл категорияда екінші италиялық Якопо Фальсинотти - 293 (132+161), қола мексикалық Ианн Баррераста - 280 (119+161).
Еске салайық, мұның алдында Ерасыл Сәулебеков (67) және Едіге Емберді (73) алтын жеңіп алған. Ал Ерасыл Умаров (55) пен Александра Беленко (40) қола жүлдегер атанған. Турнир 18 маусымға дейін жалғасады.