1XBET - ставки на спорт

Жарнама

Тяжелая атлетика
Бүгін 17:22
 

Қазақстан атлеттері әлем чемпионатында бес жүлде жеңіп алды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан атлеттері әлем чемпионатында бес жүлде жеңіп алды ©ҚР ҰОК

Мысырдың Исмаилия қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында 2026 жылғы әлем чемпионаты аяқталды.

blog.share

Мысырдың Исмаилия қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында 2026 жылғы әлем чемпионаты аяқталды.

Қазақстан құрамасы халықаралық додада бес жүлде жеңіп алды. Барлық жүлде 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде олжаланды.

Жұлқа көтеру сайысында Әлихан Әскербай 161 келіні бағындырып, күміс медаль иеленді. Ал серпе көтеруде Ерасыл Сәулебеков 199 келімен топ жарды. Бұл жаттығуда Әскербай 194 келіні көтеріп, қола жүлдеге қол жеткізді.

Қос спортшы қоссайыс қорытындысында да үздіктер қатарынан көрінді. Ерасыл Сәулебеков 356 келі нәтижемен күміс медаль алса, Әлихан Әскербай 355 келімен үшінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, 65 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Бейбарыс Ерсейіт жұлқа көтеруде 131 келіні еңсеріп, жасөспірімдер арасындағы әлем рекордын жаңартты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!