Ауыр атлетика
14 мамыр 2025 14:44
 

Қазақастандық зілтемірші Азия чемпионатында жүлде жеңіп алды

  Пікірлер

blog.share

Қазақастандық зілтемірші Азия чемпионатында жүлде жеңіп алды ©СДД

Қазақстан құрамасының өкілі Артём Антропов ауыр атлетикадан Қытайдың Цзяншань қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.

blog.share

Қазақстан құрамасының өкілі Артём Антропов ауыр атлетикадан Қытайдың Цзяншань қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.

Спортшы 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

Қоссайыстың қорытындысы бойынша Антропов 386 (165+221) келіні еңсерді.

Бұл салмақта жеңіске Қытай өкілі Лу Хуаньхуа жетті – 410 (180+230) келі.

Үшінші орынды Түрікменстаннан Дауранбек Хасанбаев иеленді – 377 (182+195) келі.

Айта кетейік, бұған дейін Пётр Хребтов 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлде жеңіп алған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!