"Қазақ жерінің перзенті ретінде...". Илья Ильин жарына беташар жасатқаны жайлы

©Видеодан кадр

Қазақстандық белгілі ауыратлет Илья Ильин өзінің жары Татьянамен "Хабар" арнасында қонақта болып, бір-бірін қалай кездестіргенін айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Татьяна студияға той көйлекпен келген екен, осыған байланысты "келінге" беташар да жасалды. 

"Қазақ халқының, қазақ жерінің перзенті ретінде салт-дәстүрімізді ардақтаймын! Сондықтан @khabartv @oyanqz арнасы беташар рәсімін өткізуге шақырғанда, ойланбастан келістік!

Осынау әсем де маңызды салтанатты ықыласпен, үлкен тебіреніспен орындадық. Ал сіздер тамашалап, жас отбасымызға ақ бата берсеңіздер, жаңа шаңырағымызға ақ жол тілеп жатсаңыздар, қатты қуанамыз!" - деп жазыпты спортшы instagram желісінде. 

Осыдан кейін спортшының жары қалай табысқандарын айтып берді. 

"Бәрі қарапайым. Бір-бірімізді көптен білеміз. Илья біздің залға келіп жүретін. Он жылдай бір ғимаратта жаттығып жүрдік. Бірде балетке бірге барып қалыппыз. Илья шығарып салайын деді. Жол бойы әңгімелесе келе ортақ дүниелеріміз көп екенін білдік. Кейін өмірге көзқарас пен талғамымыз да ұқсас болып шықты. Міне солай табысып кеттік", - деді ол. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар