auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Карьерасын аяқтаған Илья Ильин лауазымды қызметке тағайындалды

Ол туған қаласында еңбек ететін болды.

Карьерасын аяқтаған Илья Ильин лауазымды қызметке тағайындалды
Сурет: Илья Ильиннің Instagram желісінен
Ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин спортшы карьерасын аяқтады және Қызылордадағы "Мұз айдыны" кешенінің директоры қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды "Кызылординские вести".

Сәуірде Ильин облыстың жаңа әкімі Гүлшара Әбдіхалықовамен кездесу өткізгені туралы айтқан еді. Кездесу барысында ауыр атлет карьерасын аяқтайтынын және өзін спорт менеджментінде сынап көретінін хабарлаған. 

Мамырдың басында Ильин Vesti.kz сайтының Instagram-дағы парақшасында жүрген тікелей эфирде коронавирус пандемиясы салдарынан 2021 жылға көшірілген Олимпиада-2020-ға қатыспау туралы шешімін мәлімдеді.

Айта кетейік, 31 жастағы ауыр атлет 2005, 2006, 2011 және 2014 жылдағы Әлем чемпионаттарының жеңімпазы. 2016 жылы ол допингке қайта тест тапсырғаннан кейін 2008 және 2012 жылдары Олимпиада ойындарында жеңген алтын медальдарынан айырылып, екі жылға жарыстардан шеттетілді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар
8 шілде 2020
13:01