auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Жаңа бапкермен жаттығам" - Ильин Олимпиадаға дайындық жайлы

Азия біріншілігі 18-28 сәуір аралығы Қытайдың Нинбо қаласында өтеді.

"Жаңа бапкермен жаттығам" - Ильин Олимпиадаға дайындық жайлы
Илья Ильин. © wfrk.kz

Қазақстандық ауыратлет Илья Ильин жеке бапкерін ауысытырды. Ендігіде ол Антон Моисеевпен бірге жаттығатын болады. Бұл туралы ол Sports True бағдарламасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жас бапкердің басшылығымен Ильин Азия-2019 чемпионатына дайындалып жатыр, алайда оның айтуынша әзірге тұғырдан көрінуге әлі ерте екен. 

"Мен жаңа бапкер - Моисеев Антонмен жұмыс істей бастадым. Ол Шымкенттен, бұрындары көтеріп жүрген, ауыр атлетикадан спорт шебері.Оның жаттығу бойынша жаңа қызықты тәсілі бар, ол маған ұнайды. Ол менің осал тұстарымды байқап, менің жағдайымды толық бақылап отырады. Ол мені сезінеді. Жаңа инновацияны, дайындық жүйесіне жаңа көзқарасты біледі", - дейді ауыратлет. 

Спортшының айтуынша, арқасындағы жарақатқа байланысты әлем біріншілігінде жарысқа шықпай қалғанына қарамастан қазіргі жағдайы жақсы екен. 

"Қазір жаттығу басқаша. Қалпыма келу де жылдам әрі сапалы болып жатыр. Өйткені балалар жақсы және күшті команда жиналды. Тәртіпке келтіріп, аяққа тұрғызады, даярлау жоспарын жазады, диетаны қарайды. Жалпы, мен жалғыз емеспін, менімен бірге тұтас команда бар", - деді ауыр атлет.

Ильин қажетті ұпай жинау үшін Азия біріншілігіне қатысатынын айтады. 

"Мен үнемі жеңіске жеткенімді білемін. Бірақ қазір Олимпиада ойындары туралы ойлану керек, сондықтан қазір жай ғана жарыстарға қатысып, өнер көрсету керек, өйткені алда әлем біріншілігі бар. Сондықтан қазір рекордтар бола қоймас. 

"Токио жайлы ойлану керек, сол себепті мен үшін старт маңызды емес", - деді спортшы. 

Айта кетейік, ауыр атлетикадан Азия біріншілігі сәуірдің 18-28 аралығында Қытайдың Нинбо қаласында өтеді. Бұл жарыс Олимпиада ойындары-2020 жарысына іріктеу кезеңі болып табылады. Ильин 96 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді. 


Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар
8 шілде 2020
13:01