Италия 100 жылдан кейін Ауыр атлетика тарихына қайта кірді
©witter.com/ItaliaTeam_it
Италиялық Антонио Пиццолато Албанияда өтіп жатқан ауыр атлетикадан Еуропа чемпионатында рекорд орнатты.
Италиялық Антонио Пиццолато Албанияда өтіп жатқан ауыр атлетикадан Еуропа чемпионатында рекорд орнатты.
89 келіде өнер көрсететін Пиццолато жұлқа көтеруде (217 келі) және жалпы есепте (392 келі) рекордтар орнатып, Еуропа чемпионы атағын қорғап қалды. Ал серпе көтеруде ол 175 келіні бағындырды. Екінші орында болгариялық Карлос Насар (382 келі), ал үшінші - грузиялық Реваз Давитадзе (369 келі).
Пиццолато әлемдік рекорд орнатқан италиялық екінші атлет. Ол Филиппо Боттиноның 1922 жылғы жетістігінен кейін 100 жыл өте әлем рекордын орнатып отыр.
Жарнама