auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Илья Ильиннің неліктен спорттан өмір бойына шеттетілмегені белгілі болды

Илья Ильиннің неліктен спорттан өмір бойына шеттетілмегені белгілі болды
Илья Ильин. Сурет: zimbio.com
Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) Сот комиссиясы Илья Ильинге қарсы тәртіптік шара қолдану жұмыстарын аяқтап, спортшы допингке қарсы ережені екі рет бұзғанына қарамастан неліктен өмір бойына спорттан шеттетілмегенін түсіндірді, деп хабарлайды stan.kz порталы. 

Ұйымның сайтында IWF Дүниежүзілік допингке қарсы кодекске сәйкес барынша қатаң жаза қолданылғаны аталып өткен.

“Спортшы допингке қарсы ережені екі рет – Бейжің және Лондон Олимпиадаларында бұзғанына қарамастан, IWF қолданыстағы ережеге сәйкес екеуін бір заң бұзушылық ретінде қарастыруға мәжбүр болды, өйткені спортшы екінші рет заңды бұзған кезде алғашқысы туралы хабардар болмаған”, — деп жазылған хабарламада.

Осылайша Ильин барынша ұзақ мерзімге – заң бұзушылық анықталған сәттен, атап айтқанда, 2016 жылдың 10 маусымынан бастап спорттан шеттетілді. Ол енді 2018 жылдың 19 қазанынан кейін ғана жарыстарға қатыса алады.

Бұған дейін Қазақстан ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Омар Мұстафин құрама спорттан шеттету мерзімін 12 айдан сегіз айға дейін қысқарта алатынын хабарлаған болатын, өйткені ұлттық федерация IWF талаптарының 90%-ға жуығын орындаған. Яғни,  Ильин 2018 жылдың маусымынан бастап жарыстарға қатысуы мүмкін.

Естеріңізге салып өтсек, Илья Ильин допинг сынамасында тыйым салынған заттар табылғаннан кейін, 2008 жылғы және 2012 жылғы Олимпиадаларда жеңіп алған алтын медалінен айырылған болатын. IWF тәртіптік комиссиясының шешімімен ауыр атлет екі жылға спорттан шеттетілді. ҚР Ауыр атлетика федерациясының көмегімен спортшы Олимпиададан басқа додаларда алған марапаттары мен титулдарын сақтап қалды.

Айта кетсек, Илья Ильин – үш түрлі салмақ дәрежесінде төрт дүркін әлем чемпионы, 94 келі салмаққа дейінгі Азия ойындарының екі дүркін чемпионы.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
27 маусым 2023, 13:07
Ауыр атлетика
©Kaz Weightlifting Federation Instagram Қазақстандық белгілі атлет өзіне қол салды
16 қаңтар 2023, 14:41
Ауыр атлетика
©Видеодан кадр Илья Ильин үйлену тойынан видео жариялады
13 қаңтар 2023, 09:26
Ауыр атлетика
©Тұрар Қазанғапов Илья Ильин астаналық кәсіпкерге үйленді
26 желтоқсан 2022, 14:22
Ауыр атлетика
©ААФ Астанада "ILYIN IRON CUP" турнирі өтті
10 қазан 2022, 10:35
Ауыр атлетика
©Olympic.kz Чиншанло Азия чемпионы атанды

Жарнама

Жарнама