Илья Ильин операциядан кейінгі жағдайын айтты
©Instagram/ilyailyinforever
Жуырда тізесіне операция жастақан Илья Ильин әлеуметтік желі арқылы қазіргі жағдайын айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жуырда тізесіне операция жастақан Илья Ильин әлеуметтік желі арқылы қазіргі жағдайын айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін ол тізесіндегі мениск (тізе буынындағы ішкі және сыртқы шеміршек - еск.) жыртылып кеткенін айтқан еді.
"Сәлем, достар. Баршаңызға жақсы күн тілейміз. Біз жұмысқа дайындалып жатырмыз. Бүгін 26 желтоқсан. ...Осылай өмір. Құдайға шүкір. Бәрі уақытша қиындық қой. Бәрі қалыпты. Көңіл күй өте жақсы", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Илья Ильинге академик Нұрлан Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығында операция жасаған болатын.
Жарнама