Тяжелая атлетика
12 ақпан 2020 16:45

Илья Ильин Олимпиадаға жолдама беретін халықаралық турнирде жеңіске жетті

© ҚР ХОК
Ташкентте ауыр атлетикадан Халықаралық бірлік чемпионаты аясындағы ерлер арасында 102 келіге дейінгі салмақта жарыс аяқталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Бұл жарыста осы салмақта қазақстандық Илья Ильин жеңімпаз атанды. Қос сайыс қорытындысы бойынша ол 355 (160+195) келі көтерді. 

Екінші орында катарлық Фарес Эльбах - 353 (159+194) келі. Қола жүлде Өзбекстан атлеті Умарбек Шохназаровта - 341 (155+186).

Еске салайық, мұның алдында Қазақстан қоржынына 61 келіге дейінгі салмақта Игорь Сон алтын салған.