auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Илья Ильин Қазақстан Спартакиядасында үздік көрсеткішпен жеңіске жетті

Илья Ильин Қазақстан Спартакиядасында үздік көрсеткішпен жеңіске жетті
Сурет: Федерацияның баспасөз қызметі
Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Талдықорғанда өткен Қазақстан Спартакиядасында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Әлемнің төрт дүркін чемпионы 102 келіге дейінгі категорияда өнер көрсетті. Жұлқа көтеруде ол 170 келі салмақты бағындырды. Оның үстіне ол үш мүмкіндіктің екеуін ғана пайдаланғанын айта кетейік. Біріншісінде ол 165 келі көтерді. 

Ал серпе көтеруде Ильин бірінші мүмкіндігінде 200 келіні игере алмады. Екінші мүмкіндікте ол бұл салмақты көтерді де, үшіншісіне 205 келіге тапсырыс берді. Бірақ атлет 205 келіні көтере алған жоқ. Осылайша, жалпылай Ильин 370 (170 + 200) келі жинады.

"Кей жеріне ризамын, кей тұсына көңілім толмайды. Жұлқада жақсы көтердім, ал серпеде қолым жүрмеді. Әлем чемпионатында 217 көтеруім керек, ал мұнда тек 200 ғана. Ары қарай жұмыс істейміз. Былтырдан кейін қалыпқа келіп жатырмын. Жұлқа көтеруім қуантады, ілгерлеу бар. Жалпы ары қарай жұмыс істеу қажет", - дейді Ильин. 

Айта кетейік, бұл спортшының осы маусымдағы ең жақсы көрсеткіші. Бұған дейін ол 365 (165+200) келіні Токиода көтерген.

Басты жарыстарда Ильин 96 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар
8 шілде 2020, 13:01
Атлетика
Илья Ильин ауруханаға түсті Илья Ильин ауруханаға түсті