Илья Ильин ауыр атлетикадан әлем чемпионатына баратын Қазақстан құрамасына кірді

Илья Ильин. Сурет: espndeportes.espn.com
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының әлем чемпионатына сапы анықьалды. Турнир 16 қыркүйек күні Тайландтың Паттая қаласында (Таиланд) өтеді, - деп деп хабарлайды Olympic.kz.

Әйелдер арасындағы бәсекеде Қазақстан атынан Зүлфия Чиншанло (55 келі) және Екатерина Быкова (71 келі) сынға түседі.

Ал ерлер командасы келесідей құраммен аттанады: 

55 келі: Арли Чонтей, Игорь Сон
89 келі: Денис Уланов
81 келі: Нижат Рахымов, Айдар Қазов
96 келі: Илья Ильин 
109 келі: Ибрагим Берсанов

Паттаядағы әлем чемпионаты Олимпиадаға іріктеу турнирлерінің санатына жатады. 27 қыркүйек күні мәресіне жететін жарыста ерлер мен әйелдер тоғыз медаль жиынтығын сарапқа салады.
Метки:
Жаңалықтар