Гродно қаласында өтетін Alexander Cup турниріне бес қазақстандық спортшы қатысады.
Осылайша, Нижат Рахимов (81 келі), Денис Уланов (81), Игорь Сон (55), Зульфия Чиншанло (55) және Екатерина Быкова (71) өнер көрсетеді.
Беларусьтегі турнир Олимпиада рейтингіне қажетті міндетті жарыстар санына кіреді.
Айта кетейік, Беларусьтегі жарысқа 300 атлет қатысады. Турнир бүгін, 1 қарашада басталып, 5 қарашада аяқталады.