Тяжелая атлетика
24 қаңтар 2018 10:01
 
Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Ильия Ильиннің жаза мерзімін өзгертті

  Пікірлер

blog.share

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Ильия Ильиннің жаза мерзімін өзгертті Илья Ильин. Reuters©

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) өзінің ресми сайтында Илья Ильиннің жаза мерзімі екі жыл болғанын жариялады, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Бұған дейін Ильин рұқсат етілмеген дәрумен қолданғаны үшін 2008 және 2012 жылғы Олимпиада ойындарының алтын жүлдесінен айырылған болатын. 

Желтоқсан айында Қазақстан ауыр атлетика федерациясы IWF Ильинді 2018 жылдың 10 маусымына дейін шеттеткенін жариялаған болатын. Бірақ IWF ресми сайтында қазір Ильиннің жаза мерзімі 2018 жылдың 19 қазанына дейін деп көрсетіліп тұр. Осылайша, қазақстандық ауыр атлет 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына қатыса алады. 

IWF ресми сайтындағы мәлімдемеде Ильиннің 2008 жылғы Олимпиада ойындарында допинг ережесін бұзғандығына байланысты ештеме жазылмаған. Оның екі Олимпиадада ережені бұзғаны бір іс ретінде қарастырылып жатыр. Ал егер екеуі екі бөлек қарастырылатын болса, спортшы өмір бойынша спорттан шеттетілетін еді. 

Айта кетейік, Ильин тек Олимпиада ойындарының алтындарынан ғана айырылып отыр. Ал оның әлем чемпионатында (2005, 2006, 2011 және 2014) және Азия ойындарында (2006 және 2010) алған алтындары өзінде қалды. 

Өткен жылдың соңында спортшының өзі жаза мерзімі аяқталғаннан кейін спортқа қайта оралатыны туралы айтқан болатын. 

Еске салайық, Пекин және Лондондағы Олимпиада ойындарының допингін қайта тексерудің қорытындысы бойынша Қазақстан жеті жүлдесінен айырылды. Тарқатып айтсақ, Пекиндегі Олимпиададан Ильиннің алтын жүлдесі, Ирина Некрасованың күміс жүлдесі және Мария Грабовецкаяның қола жүлдесі, ал Лондондағы Олимпиада ойындарындағы Ильин, Светлана Подобедова, Зульфия Чиншанло және Майя Манезаның алтын жүлделерін алып қойды. 

Сөйтіп IWF Чиншанло мен Манезаны 2018 жылдың 28 мамырына дейін, ал Подобедованы сегіз жылға спорттан шеттетті. Бұл спортшылардың арасында тек Чиншанло ғана спортқа қайта оралуға ниетті. 

Жарнама

Живи спортом!