Федерация Олимпиада чемпионы Рахимовтың допинг дауына қатысты мәлімдеме жасады

Нижат Рахимов. Сурет: Іздәулет Алдауев©

Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы Олимпиада чемпионы Нижат Рахимовтың допинг дауына байланысты мәлімдеме жасады. 

Мұның алдында Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Рахимовты допинг ережелерін бұзды деген күдікпен уақытша шектеген болатын.

"2021 жылдың 18-ші қаңтарында Қазақстан Республикасының Ауыр атлетика федерациясы ҚР ұлттық құрамасының атлеті Нижат Рахимовқа антидопингтік ережені бұзды деген айып тағылғаны туралы Халықаралық тест агенттігінен (ITA) хабарлама алды. 

Тергеу уақытында атлет спорт шаралары мен оқу-жаттығу жиындарынан уақытша шеттеледі. 

Допингке қарсы саясат ұстанғандықтан Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы ITA ұйымына тергеуді объективті өткізуге қажетті қолдаудың бәрін көрсетеді. Сонымен қоса, қажет болған жағдайда ҚР ААФ біздің атлетке де құқықтық көмек береді", - делінген мәлімдемеде. 

Метки:
Жаңалықтар