Ел чемпионатында Антропов Ильиннің рекордын жаңартты

Артем Антропов. Фото: пресс-служба WFRK

Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатында төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильиннің рекордын Артем Антропов жаңартты. Сонымен қатар ол өз жетістігін де жақсартты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Спортшы бұл нәтижеге 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жетті. Антропов еш қиындықсыз алтынға қол жеткізіп, Қазақстан рекордтарын жаңартты. Олардың бірі қоссайыс нәтижесі бойынша Илья Ильиннің жеткізген 302 келі рекорды болатын. 

Артем болса ел чемпионатында қоссайыс нәтижесінде 385 келіні бағындырып, рекордқа қол жеткізді. Сонымен қатар ол серпе көтеру бойынша 221 келіні бағындыра отырып, өз нәтижесін жақсартты.

Жұлқа көтеру бойынша, Ильиннің рекордын әлі де ешкім жаңартқан жоқ. Ол өзінің ең үздік нәтижесінде 172 келі салмақты еңсерген. Ал соңғы ел чемпионатында Антропов 164 келіні місе тұтты.  

102 келіге дейінгі Ерлер арасында:
1. Артем Антропов - 385 (164+221) келі.
2. Нуржан Кенесбек - 318 (141+177) келі.
3. Матвей Макрушин - 300 (133+167) келі.

 
Антропов өткен жылы да Ильиннің рекордын бұзған еді. Серпе көтеруде Ильин 208 келіні бағындарған болса, өз кезегінде Артем 216 келі салмақ нәтижесін көрсеткен. 

Естеріңізге сала кетейік, бұл салмақ дәрежесі 2018 жылдан бері айналымға енгізілді. Илья Ильин өзге салмақ дәрежелерінде жасындай жарқылдаған еді. Оның 105 келіге дейінгі салмақ дивизионындағы екі әлемдік рекорды тарихи нәтиже болып есептеледі (салмақ дәрежелері ауысқанға дейін орнатқан).

Метки:
Жаңалықтар