auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Допинг туралы білмейді де". Ауыр атлетикадан Қазақстанның жастар құрамасының бапкері

Фиджидегі әлем біріншілігі еліміз үшін сәтті өтті.

"Допинг туралы білмейді де". Ауыр атлетикадан Қазақстанның жастар құрамасының бапкері
Ауыр атлетикадан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Бақыт Ахметов Фиджи аралдарында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігін қорытындылады. Жаттықтырушының айтуынша, жас атлеттеріміз сәтті өнер көрсеткен, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бапкердің айтуынша, Фиджидегі әлем біріншілігі біз үшін сәтті өтті деуге толығымен негіз бар екен.

"Жарысқа бес спортшыны апардық. Оның үшеуі медальмен оралды. Атап айтар болсақ, Дарья Ахмерова мен Карина Кузганбаева жеңіс тұғырынан көрініп, алтын медаль иеленді. Ал Артем Антроповқа сәл ғана сәттілік жетпей қалды. Бүгінгі таңда жасөспірімдер құрамасы Болгарияда жаттығу жиынын өткізуде. Аталған жиын еліміздегі ауыр атлетика федерауциясының бастамасымен ұйымдастырылды. Содан соң команда мүшелері тамыз айында жиналады. Ел Спартакиадасына қатысу үшін жаттығатын боламыз", - дейді Бақыт Ахметов.

Оның айтуынша, жас спортшылар енді 20 қазанда Солтүстік Кореяда басталатын Азия чемпионатына дайындалады.

"Сол сынға 2003-2004 жылғы жасөспірімдерді қатыстырамыз деген ойдамыз. Осылайша, жарыстар тізбегі жалғаса береді. Қазіргі команданың әлеуеті жақсы. Олармен жаттығудан бөлек, тәрбиелік мәні бар кездесулер өткізіп тұрамыз. Әсіресе, допинг дауына қатысты айтарымыз көп. Бүгінгі жас зілтеміршілеріміз допинг туралы мүлде білмейді. Спортшылармен үнемі бұл тақырыпта әңгіме қозғап, тыйым салынған дәрі-дәрмектерден аулақ болуға шақырамыз. Сонымен қатар, допингке қарсы ұлттық агенттік өкілдері жаттығу жиындарына қатысып, семинарлар өткізеді. Біз таза спортшыларды үнемі қолдаймыз, - деді аға жаттықтырушы.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар
8 шілде 2020
13:01