auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Бұл қиындықты бүкіл ел болып жеңеміз де, алтын аламыз". Ильин денсаулығы мен Токио олимпиадасына қатысты

Атлеттік омыртқасында жарақат бар.

"Бұл қиындықты бүкіл ел болып жеңеміз де, алтын аламыз". Ильин денсаулығы мен Токио олимпиадасына қатысты
Сурет: instagram.com/ilyailyinforever
Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Instagram желісі арқылы денсаулық жағдайы мен алдағы Токио Олимпиадасына жоспары туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Спортшының сөзінше, омыртқасының саулығында айтарлықтай қиындықтар бар. Алайда ол спортшы ретінде қарапайым адамға зиян деп көрсетілген физикалық жаттығулар жасай бермек. 

"Дәрігердің қабылдауында болдым - сөйлестік. Менің омыртқамда айтарлықтай үш проблема бар. Мен бұл туралы арнайы пост жазатын шығармын, ойлану керек. Алайда талмай еңбек ету қажет... Қарапайым адамға бұлай істеуге болмайды, бірақ маған болады, себебі менің мақсатым бар және сол мақсатқа жетуім керек. Ең болмағанда соған жетіп, жақсылап өнер көрсетуім қажет. Бір ай физиотерапия, емделу, зілтемірсіз дайындықтар жүргізу керектігін айтты. Кейінірек ауыр атлетика жаттығуларын орындауыма болады екен. Мен онымен бұл мәселеде келісемін, үлкен алғыс оған, жақсы жігіт өзі. Мен спортшымын, сол себепті ары қарай жылжуым керек. Шындап келгенде айтарлықтай мәселелер бар.

Барлығы да жақсы, менің командам мен әріптестерім жақсы. Олар маған барынша көмектеседі. Бүкіл ел болып осы қиындықтарды өткеріп, алтын медальді иеленіміз. Мен үшін алаңдап жатқандарыңыз үшін алғыс білдіремін. Мен оны сезінемін. Бұл мен үшін қымбат! Асықпай, аптықпай Токио Олимпиадасына жылжимыз", - деді Ильин.



Еске салайық, Ильин Ашхабадта өткен әлем біріншілігіне қатысу керек болатын. Алайда омыртқасындағы жарақат салдарынан одан бас тартты. Бұл 2008 және 2012 жылғы Олимпиада жүлдесінен айырылуға себеп болған допинг дауынан кейін, екі жылдан бергі алғашқы әлемдік жарыс болу керек еді. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар
8 шілде 2020
13:01