Бір келі жетпеді. Қазақстандық атлет ӘЧ жүлдесінен қағылды
©WFRK
Қазақстандық зілтемірші Арли Чонтей Колумбиядағы әлем чемпионатында сынға түсті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Қазақстандық зілтемірші Арли Чонтей Колумбиядағы әлем чемпионатында сынға түсті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Чонтей 55 келіге дейінгілер арасында бақ сынады. Нәтижесінде қоссайыс қорытындысы бойынша 259 келі (118+141) бағындырып төртінші орынға табан тіреді.
Үздік үштікке ілігу үшін отандасымызға бір келі жетпеді.
Турнирдің алтын медалін Таиландтан келген Тхирапонг Силачай – 265 келі (117+148), екінші орынды вьетнамдық Сон Нго Дин - 260 келі (117+143) және үшінші орынды оңтүстік кореялық Ким Йонгхо – 260 келі (115+145) еншіледі.
Жарнама