Тяжелая атлетика
10 қараша 2017 14:55
 
Белгілі экстрасенс Илья Ильиннің Токио Олимпиадасына қатыса алмайтынын айтты

  Пікірлер

blog.share

Белгілі экстрасенс Илья Ильиннің Токио Олимпиадасына қатыса алмайтынын айтты ©:Yvision.kz

Белгілі зілтемерші, экс-чемпион Илья Ильин спорттан кеткелі бері спортшының мансабы мен жеке өміріне қатысты әңгімелердің тарағаны рас. Көпшілік, әсіресе, оның спорттық мансабына алаңдаулы. Зілтеміршіні алдағы уақытта не күтіп тұр? Танымал экстрасенс Әлия Сәлімова спорт майталманының болашақтағы мансабына болжам жасап көрді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Белгілі экстрасенс Ильинді бұрындары кездестіргенін, алайда, оның өмірінде орын алған түрлі жайттардан хабарсыз екенін атап өтті.

«Мұндай жағдай жалғыз оның ғана емес, басқа да спортшылардың басынан өткен сияқты. Әсіресе, зілтемірден еліміздің қыздар құрамасы да Ильин сияқты спорттан кетуге мәжбүр болыпты. Ильяның алдағы мансабы жайлы айтар болсам, келер жылы ол спортқа қайта оралуы әбден мүмкін және алдағы жыл ол үшін табысты әрі жетістігі мол жыл болмақ.

Спортшы өте табанды әрі жігерлі екен. Ол осыған дейін жоғалтқан барлық медальдарын қайтару үшін аянбай еңбек етіп, тер төгетін болады және ол сол мақсатына жетеді де. Илья медальдарын қайтарып алады. Мұндай оң өзгерістер келесі жылдың көктемінен, шамамен наурыз айынан басталуы мүмкін.

Ал, Токио олимпиадасына келер болсақ, Ильин оған қатыса алмайды, десе де, болашақта оны бапкер ретінде көруіміз әбден мүмкін», - деген болжам жасады экстрасенс.

Сонымен бірге, экстрасенстен келер жылы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін қысқы олимпиадаға қатысты болжамын да сұрадық.

«Қазақстан құрамасы орташа деңгейде өнер көрсететін болады. Медальдарға келер болсам, бір "жоғары деңгейдегі" медаль көріп тұрмын. Бұл алтын немесе күміс медаль болуы мүмкін. Ал, Токиоға спортшыларымыз зор дайындықпен баратын болады. Онда ел спортшылары 4 бірдей алтын мен бірнеше күміс медальдарға қол жеткізуі ықтимал. Жалпы, 2020 жылғы жазғы олимпиадада спортшылар биіктен көрінеді деген болжам жасап отырмын», - деп сөзін қорытындылады экстрасенс

Жарнама

Живи спортом!