Тяжелая атлетика
22 тамыз 2017 16:00
 
Айдар Қазов Қазақстан қоржынына Универсиаданың екінші алтынын салды

  Пікірлер

blog.share

Айдар Қазов Қазақстан қоржынына Универсиаданың екінші алтынын салды

Қазақстандық ауыр атлет Айдар Қазов жазғы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір алтын салды, деп сүйінші сұрайды Vesti.kz порталы. 

Отандасымыз 77 келі салмақта сынға түсіп, үздік шықты. Ол жұлқа көтеру сайысын үшінші орынмен аяқтаған болатынн. Бірінші жаттығуда отандасымыз 145 келіні бағындырды. 

Серпе көтеру сайысында Қазов қарсылас шақ келтірмеді. Ол өзінің үшінші мүмкіндігінде 186 келіні еңсеріп, чемпион атанды. 

Айта кетейік, бұл Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасының жеңіп отырған төртінші жүлдесі. Бұған дейін ауыр атлетикадан сынға түскен Альберт Линдер алтын жүлде алса, Арли Чонтей қоланы қанағат қылды. Ал жүзгіш Дмитрий Баландин 100 метрге брасс әдісімен жарыста қола жүлде жеңіп алған болатын. 

Жарнама

Живи спортом!