Тяжелая атлетика
10 сәуір 2018 10:20
 
Ауыратлет зілтемірді көтеремін деп есінен танып қалды

  Пікірлер

blog.share

Ауыратлет зілтемірді көтеремін деп есінен танып қалды © 7 Sports

Уэльстік 27 жастағы ауыр атлет Джошуа Парри 160 келі зілтемірді сәтсіз көтеріп, есінен танып қалды. Оқиға Аустралияда Ынтымақтастық ойындарында болды, - деп хабарлайды PerthNow.

94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін спортшы зілтемірді иығына көтеріп, басынан асыруға шамасы жетпеді. Ол зілтемірді жерге құлатып, өзі де сұлап түсті. Дәрігерлер ауыратлетке көмектесуге кірісті, алайда бірнеше минуттан соң ол есін жиып, көрермендердің қошеметімен тұғырдан өз аяғымен кетті.

Мамандардың айтуынша, есінен талып қалуға ауа жетіспеушілігі себеп болған.

Жарнама

Живи спортом!