Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының кеңесші-бапкері қайтыс болды

Сурет: mir-ta.com

Қарашаның төртіне қараған түні ауыр атлетикада белгілі бапкер, Қазақстан құрамасының кеңесшісі Энвер Туркелери көз жұмды,- деп хабарлайды Vesti.kz. Ол 78 жасына қараған шағында Түркияда қайтыс болды. 

Туркелери 1989 бен 2005 жылдар аралығы Түркия құрамасын жаттықтырған. Кейін 2019 жылға дейін Қазақстан құрамасында кеңесші-бапкер болып қызмет атқарды.

Vesti.kz редакциясы Энвер Туркелеридің туыстары мен жақындарына көңіл білдіреді. 

Жаңалықтар