Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасына жаңа бапкер тағайындалды
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері болып Дәурен Бекмұхамедов тағайындады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері болып Дәурен Бекмұхамедов тағайындады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
"Бұл жағдайға Альберт Линдердің өлімі мен одан кейінгі бірқатар оқиға, спортшылардың, жаттықтырушыларды, сондай-ақ, Альберт Линдердің туыстарының көптеген үндеуі себеп болды.
Оқиғаға министр араласқаннан кейін жаттықтырушылар штабы тарапынан ережелер өрескел бұзушылғаны анықталды, соның салдарынан құраманың бас жаттықтырушысы Бақыт Ахметов, аға жаттықтырушы Сергей Седов және басқалары жұмыстан шеттетілді", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың мамыр айынан федерация тізгінін ұстаған Бахыт Ахметов үстіміздегі жылдың қазанында қызметінен босатылды. Бас бапкердің жұмыстан кетуіне 25 жастағы спортшы Альберт Линдердің мезгілсіз қазасы мен оқыс оқиғадан кейінгі өзге де спортшылардың айтқан пікірлері себеп болды.
Жарнама