Астана ауыр атлетикадан ересектер арасында Қазақстан чемпионатын қабылдайды.
Республикалық турнир 1-7 желтоқсан аралығында «Алатау» спорт сарайында өтеді.
Жарысқа Қазақстан құрамасының көптеген көшбасшы спортшылары қатысады. Олардың қатарында әлем чемпиондары Нұрғиса Әділетұлы мен Артём Антропов, сондай-ақ Азия рекордшысы (U20) Едіге Емберді бар.
Айта кетейік, медальдар жекелей жаттығулар бойынша сарапқа салынады.
Жарнама