Ауыр атлетикадан биылғы әлем чемпионаты өтетін жер анықталды

©olympic.kz

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы 2021 жылғы әлем чемпионатын қабылдайтын қаланы анықтады, деп хабарлайды Olympic.kz

Биылғы біріншілік Өзбекстан астанасы Ташкентте өтеді. Әлемдік сын 7-17 желтоқсан аралығына жоспарланған. 

Қазақстан командасы дайындыққа кірісті. Қазіргі таңда Бақыт Ахметов бастаған топ Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізуде. 

Әлем чемпионатына қатысушылар қарашада өтетін республикалық сыннан кейін анықталады. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар