Ауыр атлетика
26 желтоқсан 2022 14:22
 

Астанада "ILYIN IRON CUP" турнирі өтті

  Пікірлер

blog.share

Астанада "ILYIN IRON CUP" турнирі өтті ©ААФ

Астаналық "Qazaqstan" жеңіл атлетика спорт кешенінде "ILYIN IRON CUP" - күштік спорт түрлерінен турнир аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Астаналық "Qazaqstan" жеңіл атлетика спорт кешенінде "ILYIN IRON CUP" - күштік спорт түрлерінен турнир аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Баспасөз конференциясында турнирды ұйымдастырушы – төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин қорытынды жасап, болашаққа деген жоспарларымен бөлісті.

- Турнир керемет өтті. Соңғы кездері барлығын он балдық шкаламен өлшеуге дағдыланып қалдым. Сонымен, біз турнирді 9 жарымға өткіздік. Біз шоу жасағымыз келді - жаңа нәрсе, спортшылар атмосфераға қанағаттануын, драйв болуын қаладық және де біз мұны жасадық деп ойлаймын! Басқа спорттық шаралармен салыстырғанда ойын-сауықтық жағынан ұттық. Осы жерде мен өзімді таптым және өзіме түйгенім: Спорттық менеджмент – маған өте жақын екен! Осы бағытта жұмыс істегім келеді. Олимпиада чемпионы болғым келеді! Ол нені білдіреді? Өз спортыңмен айналысу және де мен оны жасадым! (күлді)

- Мұнда біз алғаш "professional weightlifting" дегенді естіп, көрдік. Айтыңызшы, бұл не?

- Мен бұл туралы алғаш рет 2016 жылы спорттан шеттетілген кезде ойладым. Қаншама спортшылардың осыдан зардап шегіп жатқанын сол сәтте түсіндім. Олимпиадалық ауыр атлетика әрқашан болады, бұл классика. Бірақ жігіттерге жарысатын алаң керек. Сосын мынадай шешімге келдік: ережелерді өзгертеміз, UFC қосамыз... Бірақ бұл "professional weightlifting" болашақта культтік спорттық дисциплинаға айналуы үшін әлі де жетілдіруді қажет ететін шикізат! Бүгінгі күні бұл жұмыс атауы ғана, кім білсін, болашақта "underground weightlifting" болар?! Жалпы, мен бұл спорт түрін рингтегідей бар жағы ашық болғанын қалаймын, жұртшылық штанганы көтеруді жан-жақтан бақылай алатындай. Мен нюанстарды ашпаймын, оны келесі жылға қалдырайық!

- Сіз осы форматтың авторысыз ба…

Ия, мен өзімді жаңа нәрсе шығаратын, жаңа өнімді қосатын және жасайтын спорт ғалымы сияқты сезінгенді ұнатамын. Мен Қызылордада балалармен жұмыс жасадым. Сіздер білетіндей, біздің облыс ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаттарында бірінші орын алады және жалпы өте бай спорттық дәстүрлерге ие. Сол жерде, 12-13 жас аралығындағы балалармен біз жарыстың осы форматын қолданып көрдік. Барлығына өте ұнады, содан кейін мен помосттағы мұндай бәсекелестік тек спортшыларды ғана емес, көрермендерді де оятатынын көрдім. Содан кейін мен ЖСШМ Вилорий Викторович Пакқа жүгіндім және біз оның балаларымен осыған ұқсас жарыстар өткіздік. Содан кейін бұл балалар істі тындырып, сіздер оны кеше ғана өздеріңіз тамашалй алдыңыздар. Балалар бірнеше күн бұрын Колумбиядағы әлем чемпионатынан ұшып келігеніне, шаршағанына қарамастан, осындай шоу көрсетті!

Парламент төрағасы Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың алдында ерлер құрамасының "локомотивтері" Нұрғиса Әділетұлы мен Артем Антроповтың өнеріне комментартор болу бақытына ие болдым және ол кісі таңданып қалды! Өз кезегінде уақыт бөліп, осы спорттық мерекенің қуанышымен бөлісуге келген еліміздің басшылығына алғыс айтқым келеді!

- Ilyin Iron Cup-ты болашақта қалай көресіз?

- Келесі жылдың қаңтар айынан бастап біз келесі кубоктың тұжырымдамасына отырамыз, қателермен жұмыс жасап, кейбір позицияларда шыңдаймыз. Әлбетте, бұл жақсырақ және жарқынырақ болады. Мүмкін басқа да спорт түрлері қосылар. Біз қазірдің өзінде демеушілерді қызықтырғанымызға қуаныштымыз. Осы турнирде маған қолдау білдіріп, өз ұсыныстарын білдіргісі келетін бірнеше адам келді. Спорттық менеджментте серпіліс жасаймыз деп ойлаймын. Менің мақсатым – бұл турнирді онда жарыстардан бөлек, спорттық брендтер ұсынылып, спорттағы соңғы тенденцияларды талқылайтын кездесулер және т.б. өтетіндей спорттық EXPO-ға айналдыру.

 

Талап Иматалиев:

Кеше біз өз арманымызды жүзеге асырдық – жабық кеңістікте стронгмендер арасында жарыс өткізу! Әдетте біз оны далада өткізетінбіз, ал мұнда керемет ұйымдастырудың арқасында ыңғайлы жағдайда жасай алдық. Ильяның бастамаларын қолдаған баршаңызға рахмет! Өйткені, спорт тек құлшыныспен ұзаққа бармайды.

Павел Фитисов:

- Осындай турнир үшін үлкен рахмет. Мұнда спортшылар мен жаттықтырушыларға жасалған жағдайлар – керемет! Олардың әрқайсысы осы мерекеден ләззат алды. Мұнда бәрі болды – өнер көрсетудің нәтижесі, медальдар және жалпы қаржылық сыйақы. Жалпы, осы атмосферада болу – ұмытылмас! Біздің жиі еститініміз: "Барлық адамдар спортшы болса ғой!" Өз кезегінде спортшыларға: "Барлық спортшылар адам болса ғой!" дегенді тілейміз. Өйткені үлкен нәтижелерге қол жеткізгеннен кейін Илья Ильин сияқты қарапайым, ашық және халыққа жақын болу өте қиын. Қорытындылай келе, сізді спорт дамуына қосқан үлесіңіз үшін медальмен марапаттауға рұқсат етіңіз!

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!