Әлем чемпионатына баратын зілтеміршілер белгілі болды

©Kun

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы Алматы облысында "Ақбұлақ" Олимпиадалық орталығында әлем чемпионаты алдындағы соңғы дайындық жұмыстарын пысықтап жатыр. Әлем біріншілігі 7-17 желтоқсан аралығында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтеді. 

Аталған әлем чемпионатында ел намысын бес спортшы қорғайды. Олар:

Арли Чонтей (55 келі)
Нұрғиса Әділұлы (96 келі)
Артем Антропов (96 келі)
Карина Кұзғанбаева (81 келі)
Айзада Мүпділдә (87+ келі).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар