Альберт Линдердің өлімінен кейін ауыратлетикадан Қазақстан құрамасының бапкері қызметінен босатылды

©ҚАФ

Бақыт Ахметов ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен босатылды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Бұл шешім Алматы қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы басшылығының ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабына қатысты атлеттер мен жаттықтырушылардан түскен шағымдарды қарау қорытындысы бойынша қабылданды.

Федерация ҚР Ұлттық Олимпиада комитетімен бірлесіп, алдағы ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты кезінде ұлттық құрама командасының жаттықтырушылар штабына үміткерлерді іріктеуді осы мақсатта әзірленген критерийлер негізінде жүргізуге ниетті", - делінген федерация таратқан хаттамада. 

Еске салайық, Ахметов 2020 жылдың мамыр айында Қазақстан құрамасының бас бапкері атанған болатын. 

Бұған дейін қызметінен ерлер құрамасының аға бапкері Сергей Седов шеттетілген болатын. Оның ісіне байланысты нақты шешім қызметтік тексерістен кейін шығады. 

Айта кетейік, жуырда Алматы қаласында ауыр атлеттердің қатысуымен баспасөз жиыны өткен еді. Онда ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының ішкі жағдайы талқыланды. Бұл жиынға Альберт Линдердің өлімі себеп болды. Спортшылардың айтуынша, Линдер Қазақстан құрамасы сапындағы бұрыннан келе жатқан қиындықтардың салдарынан өз-өзіне қол жұмсаған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар