"175 келіні жұлқи көтеру!" Илья Ильин өзін-өзі қалай жеңгенін айтып берді
Илья Ильин жаттығуларының жаңа көрсеткіштерімен бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Илья Ильин жаттығуларының жаңа көрсеткіштерімен бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жұлқи көтеруден 175 келіні бағындырдым. Бұл мен үшін - өз-өзімді жеңуге нағыз жеңіс болды, себебі бұл салмаққа мен бірнеше жыл бойы жақындамадым! Қазір мен жұлқи көтеруді машықтап, сенімді түрде көтере бастадым. Осылайша жалғастыру арқылы мен әр бір көтерген сайын әлемдік рекорд жаңартамын деген сенімділік пайда болады!", - деп жазды Ильин Instagram желісіндегі парақшасында.
"Бүгінгі 175 келі жұлқи көтеру әдісі менің үлкен мақсатқа жетуімдегі кіші жеңісім", - деді спортшы. Осыған дейін Ильин 2020 жылы Токио қаласында өтетін Олимпиада ойындарынан кейін спорттық мансабын аяқтау жопары бары жайлы айтқан еді. Бір ай бұрын оның көрсеткіші жұлқи көтеру - 172 келі, ал серппе көтеру - 212 келі болған.
Жарнама