Ресей тағы бір әлем чемпионатын өткізуі мүмкін

©ФГР

Ресей 2026 жылы гандболдан әйелдер арасында әлем чемпионатын ұйымдастыруға ниетті. Оның үстіне дәл сол жылғы жаһан біріншілігін солтүстік көршімізден басқа ешқандай ел өткізуге ниет білдірмеген, деп жазады Vesti.kz тілшісі Еуропалық гандбол федерациясының (EHF) ресми сайтына сілтеме жасап.

Алғашында Ресейден бөлек, Норвегия, Дания мен Швеция елдері бірлесіп турнирді ұйымдастыруға өтінім қалдырған. Алайда соңғы сәтте Дания мен Швеция 2028 жылы өткізуге ниет білдіріп отыр.

2026 жылы жарыстың нақты қай елде өтетіні жайлы шешім 2021 жылдың 20 қарашасында Аустрия астанасы Венада EHF конгрессінде белгілі болады. Ал турнир 2026 жылдың 3 пен 20 желтоқсан аралығына жоспарланған.

Еске салайық, Ресей үкіметі 2018 жылы футболдан әлем чемпионатын жоғары деңгейде ұйымдастырған еді. Ресейдің 11 қаласында салынған 12 стадионда футбол тойы өтіп, Франция өз тарихында екінші рет әлем чемпионы атанды.  

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: