Гандбол
2 желтоқсан 16:18
 

Қазақстан әйелдер құрамасы гандболдан ӘЧ-де қатарынан үшінші рет жеңілді

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан әйелдер құрамасы гандболдан ӘЧ-де қатарынан үшінші рет жеңілді ©ҚР ҰОК

Гандболдан 2025 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы топтық кезеңдегі соңғы матчын өткізді.

blog.share

Гандболдан 2025 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы топтық кезеңдегі соңғы матчын өткізді.

Үшінші ойында қазақстандықтар Оңтүстік Корея командасымен кездесті. Бұл матчта 35:17 есебімен оңтүстіккореялықтар жеңіске жетті.

Осылайша, отандастарымыз Н тобында бір де бір ұпай жинай алмай, соңғы орынға жайғасты. Бұған дейін қазақстандықтар Ангола мен Норвегияға есе жіберген еді.

Енді ұлттық құрама жарысты «Президент кубогында» жалғастырады. Оның қорытындысы бойынша 25-32-орындардың иегерлері анықталады.

Айта кетейік, жалпы әлем чемпионатына 32 құрама қатысуда. Әлем біріншілігі Нидерланд пен Германияда өтуде. Қазақстан топтық кезеңдегі ойындарын Германияның Трир қаласында өткізді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!