Гандболдан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы Сингапурды ойсырата жеңді

Сурет: olympic.kz ©

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионаты аясындағы кезекті кездесуін өткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл күндері Иорданиядның Амман қаласында гандболдан әйелдер командалары арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр. "А" тобына түскен Қаpақстан құрамасы екінші кездесуінде Сингапурға қарсы ойнады. Екеуара кездесу 33:18 есебімен Қазақстан еншісіне шешілді. 

Қазақстан құрамасының келесі қарсыласы Өзбекстан командасы болады. Қазақстан - Өзбекстан арасындағы матч 18 қыркүйек күні өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: