Гандбол
Бүгін 14:06

Гандболдан Азия чемпионатында Қазақстан Аустралияны жеңді

©ҚР ҰОК

Алматыда әйелдер арасында гандболдан Азия чемпионаты басталды.

Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі алғашқы кездесуінде Аустралия командасынан басым түсті. Матч 37:18 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, құрлықтық додада Қазақстан құрамасы В тобына түсті. Бұл топта Оңтүстік Корея, Өзбекстан және Үндістан құрамалары да бар.

Қазақстандық гандболшылар келесі кездесуін бүгін, 24 қарашада, Үндістан құрамасына қарсы өткізеді.

Азия чемпионаты 3 желтоқсанға дейін жалғасады. Жарыстың үздік төрт командасы 2027 жылы Венгрияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport