Азия гандбол федерациясы гандболдан әйелдер арасындағы құрлық біріншілігі өтетін мерзімді атады,- деп хабарлайды
Vesti.kz тілшісі Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Азия гандбол федерациясының атқарушы комитеті әйелдер арасындағы бәсекенің өту уақытын жариялады. Әйелдер арасындағы Азия біріншілігі 10-20 желтоқсан аралығында өтеді.
Аталған турнир 2021 жылы Испанияда өтетін әлем біріншілігіне іріктеу кезеңі саналады.
Құрлықтық федерация әлемдік гандбол ұйымымен ақылдаса келе, осындай шешім қабылдағанын мәлім етті.
Жарнама