Гандбол
Бүгін 20:26
 

Алматыда әйелдер арасында гандболдан Азия чемпионаты өтеді

  Пікірлер

blog.share

Алматыда әйелдер арасында гандболдан Азия чемпионаты өтеді ©

23 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Алматыда әйелдер құрамалары арасында гандболдан Азия чемпионаты өтеді.

blog.share

23 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Алматыда әйелдер құрамалары арасында гандболдан Азия чемпионаты өтеді.

Құрлық біріншілігі 2027 жылғы әлем чемпионатына іріктеу болмақ. Турнир қорытындысы бойынша үздік төрт команда Венгрияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.

Жарысқа он ұлттық құрама қатысады.

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы В тобына түсті. Бұл топта Оңтүстік Корея, Үндістан, Аустралия және Өзбекстан құрамалары бар. Ал Жапония, Иран, Қытай, Гонконг және Таиланд А тобында өнер көрсетеді.

Қазақстандық гандболшылар турнирдегі алғашқы ойынын 23 қарашада Аустралия құрамасына қарсы өткізеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!