26-28 cәуір күндері Өзбекстан астанасы Ташкентте көркем гимнастикадан әлем кубогі кезеңі өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ташкенттегі турнирге топтық жаттығудан Қазақстан құрамасы қатысады.
Сондай-ақ, жекелей сында Милана Парфилова мен Эрика Жайлауова бақ сынайды.
Бұған дейінгі әлем кубогі кезеңінде Эльжана Таниева сынға түскен болатын.
Мамыр айында Өзбекстан астанасы көркем гимнастикадан лицензиялық Азия чемпионатын қабылдайтынын еске саламыз.