Спорттық гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшыларының бірі Милад Карими Сомбатхейде (Венгрия) өткен Challenge кубогі кезеңінде алтын жеңіп алды.
Қазақстандық спортшы кермедегі жаттығуларда жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Карими финалда 14.750 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Одан кейінгі орынға колумбиялық Анхель Барахас (14.650) тұрақтаса, Чили өкілі Луциано Летелье (14.250) үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, бұған дейін Дмитрий Патанин еркін жаттығуларда жеңіске жеткен еді.
Жарнама