Катар астанасы Дохада спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңі жалғасып жатыр. Olympic.kz қазақстандық спортшылардың нәтижесімен таныстырады.
Әйелдер арасындағы сында Аида Бауыржанова мен Көркем Ербосынқызы финалға өтті. Көркем бөренедегі жаттығудан, Аида еркін және бөренедегі жаттығудан финалда өнер көрсетеді.
Ерлер арасындағы бәсекеде Милад Карими мен Фарух Набиев сынға түсті. Олар қоссырықтағы жаттығудан іріктеу кезеңіне қатысып, Карими бесінші орынмен финалға жолдама алды.
Ал Набиев тоғызыншы сатыда.