Гимнастика
16 мамыр 2024 09:48

"Олимпиаданың соңғы жолдамасына таласамыз". Бас бапкер Ташкенттегі АЧ жайлы

Сурет: Сали Сабиров©

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Александр Ким Олимпиадаға соңғы лицензиялар ойнатылатын Азия чемпионатына дайындық туралы айтты. 

16-27 мамыр аралығы Ташкентте спорттық гимнастикадан Париж ойындары алдындағы соңғы лицензиялық турнир - Азия чемпионаты өтеді. 

"Команда Азия чемпионатына толық дайын. Бұл жарысқа Париж Олимпиадасына жолдама алған Милад Карими мен Нариман Курбанов та қатысады. Одан бөлек, көпсайыстан Фарух Набиев, Диас Тойшыбек, Дмитрий Патанин, Ілияс Азизовтерден үміт бар.

Турнирдегі басты қарсыластарымыз - Солтүстік Корея, Өзбекстан, Вьетнам және Қытайлық Тайпейден келетін көпсайысшылар. Арасында белгілі спортшылар да бар - гимнастикалық ат снарядының өкілдері Ли Чи Кай (Тайпей) мен Ахмад Әбу әл Сауд (Иордания) та бар.

Ли Чи Кай көпсайыста өнер көрсетпек. Ол көптен бері жарыстарға бармады. Сол себепті барлық спортшылардың да мүмкіндігі бірдей. Тек біздің гимнасттар бірінші ауысымда өнер көрсетеді. Ал Қытайлық Тайпей мен Өзбекстан кешкі ауысымда. Бұл да әсерін тигізеді. Десе де, кешегі жаттығу кезінде команда өзін жақсы көрсете білді", - деді Ким.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport