Милад Карими қатысқан әлем біріншілігінде жаңа чемпион шықты

©112ua

Жапонияда спорттық гимнастикадан өтіп жатқан әлем чемпионатының көпсайысында жаңа чемпион анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Көпсайыс нәтижесі бойынша 87,981 ұпай жинаған қытай елінің өкілі Чжан Бохэн әлем чемпионы атанды. 

Жарыс қожайыны Дайки Хасимото күміспен күптелсе (87,964), қола медаль украиналық Илья Ковтунға (84,899) бұйырды. 

Еске салайық, отандасымыз Милад Карими көпсайыстан іріктеу кезеңінде 16-шы орын алып, финалға жолдама иеленген болатын. Дегенмен бапкерлер құрамы ақылдаса келе, Миладты гимнастикалық керме және еркін жаттығудағы ақтық сынға қатыстыруды жөн көрді. 

Одан бөлек, қазақстандық Нариман Курбанов гимнастикалық ат снаряды бойынша финалда сынға түседі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар